Қамқоршылық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ » Қайнар орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қайнар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ
04
январь
2019

Қамқоршылық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ

«Кайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Қамқоршылық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Кайнар ауылы                                                                                                         29.12.2018ж.

 

 

Қатысқандар:

 

Қамқоршылық кеңес мүшелері: 8

Мектеп әкімшілігі: 2

 

Күн тәртібі:

1.     «Мектепке жол» акциясы барысында көрсетілген көмек туралы

2.     Мектепішілік іс- шаралар

3.     Жаңа жылдық мерекеге дайындық барысы

 

    Алматы облысының Білім саласындағы бақылау депертаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің 2017 жылғы 9 желтоқсанда Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және бағынысты мекемелерімен өткізген кеңесте берілген тапсырмасын орындау мақсатында Кайнар орта мектебінің 2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығында қамқоршылық кеңеске мектебіміздегі атқарған жұмыстары туралы қорытынды ақпараттық есебі:

    Қыркүйек айында қамқоршылық кеңес құрамы бекітіліп, жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 25 шілдедегі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы №3-15-3/2530-И тапсырмасына сәйкес, Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 01 тамыздағы «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы өкімі негізінде, Қарасай аудан әкімінің 2018 жылғы 20 тамыздағы №88-ө н/к өкімін орындау мақсатында «Кайнар орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 31 шілде № 109 бұйрық шығарылып, «Балаға мейірім сыйла» ұранымен «Мектепке жол» акциясына байланысты іс– шара жоспары жасалынды. Сонымен бірге мектепте «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұйымдастыру мүшелері құрылды.

   Акция  барысында көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы нашар, жартылай жетім отбасы және ата– ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға ерекше көңіл бөлінді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының баннері жасалынып ілінді.

    2018 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында мектебіміздің ұстаздары, сынып жетекшілері бірлесіп «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға 15 000теңге көлемінде оқу құралдары алынып берді. /Марат Айша, Жанат Дамир, Токабаева Дамира, Ермакан Меиржан, Рауш Руслан, Арашев Амир, Марат Фатима, Юрин Денис, Пискунов Даниил, Ергалиев Диас, т.б./. 3а сынып жетекшісі Султанова К.Б. өз сыныбында оқитын аз қамтылға отбасынаң шыққан оқушы Жайлаухан Жантореге мектепке ұстайтын сөмке сыйға тартты.

  Мектеп мұғалімдері жанармай бекеттеріне, кешкі ойын-сауық орындарына, базарларға рейд жүргізді. Рейд кезінде тексерілген орындарда оқушылар анықталған жоқ.

  Акция барысында 1 Май ауылдық мешітіне сұраныс хат жолданып,  мешіт тарапынаң 8 сынып Сатиева Инабат, 4 сынып Амангелді Ақнұр және 3 сынып Нечитайло Артемға мектеп сөмке және оқу құралдары сыйға тартылды. Сонымен қатар мешіт имамы 2 оқушыға мектептің арнайы формасын алуға 10000(он мын теңге) көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

            Олар:

Көпбалалы отбасы

1.     Несіпбай Диас- 1а сынып

2.     Әлімқул Әділет- 7а сынып

   «Қазақ картоп ғылыми- зерттеу институты» демеушілігімен жартылай жетім, жетім балаларға, көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы нашар отбасылардаң және ата– ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға мектептің арнайы формасын алуға 40500(қырық мын бес жүз)теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Атап айтсақ :

Жетім:

1.     Фионин Владимир- 8б сынып

2.     Фионина Надежда- 5б сынып

Жартылай жетім:

1.     Жанботаұлы Ансар- 2а сынып

2.     Арашев Айдамир- 2б сынып

3.     Абилахатова Диана- 4а сынып

4.     Пискунов Даниил- 4б сынып

5.     Арашев Ролан- 7б сынып

Аз қамтылған отбасы

1.     Берденбекұлы Юсып- 3а сынып

2.     Тлеукабылова Алтынай- 7а сынып

     2018- 2019 оқу жылына 1 сыныпқа баратын оқушылар арасында әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына көмек, қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. 2018- 2019 оқу жылында оқушылардың басқа мектепке ауысуына және ата- анасы өз еркімен тегін тамақтан бас тартқанына байланысты мектеп асханасынан ЖБББ қорынан бөлінген қаржы есебінен тегін тамақтануға 1 сыныптан 6 оқушы кіргізілді.

    ЖБББ қорынаң 8 сынып оқушысы Тұрғанбай Марлен жаз кезіңде «Алматау» сауықтыру лагеріне жіберілді.

    Сонымен қатар ЖБББ қорынаң көп балалы отбасынаң шыққан 3б сынып оқушысы Файрат Гунеш және 2ә сынып оқушысы Тұрғанбай Нурайға спорттық киім берілді.

    2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 38 шығарылымындағы аудандық «Заман жаршысы» газетінде «Институт демеушілігімен» атты мақала жарияланды.

    9 сынып оқушысы Токабаева Дамираға тұрмыстық жағдайы нашар болғандықтан, мектеп ұжымы жұмыла 28000 теңге көлемінде қаражат жинап,  1,5 тонна көмір алып берді. Мектебіміздің белсенді ата аналары  демеушілік көрсетіп , Дамираға Хамзинова Раушан Канатовна қыстық аяқ киім, Ибишева Руина 2000 теңге ақшалай және  сонымен қатар, азық- түлік (ұн, қант, сүйық май, еспелер, күріш, т.б.) берсе,  Жалғаспай Зейне 2 қап көмір алып беріп көмек көрсетті.

     2018 жылғы 5 қазанындағы Елбасының жодауындағы «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» бөлімі бойынша, қоғамның осал мүшелері қарттарға көңіл бөлу мақсатында Қайнар орта мектебінің ұстаздары Л.Жуманова, Т.Абдрахманова, Ш.Балапанованың жетекшілігімен   оқушылар арасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Алматы қаласындағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып қайтты.  Еліміздің болашағы жас жеткіншектердің  бойына асыл қасиеттер, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуді  үйрету, осындай іс-шаралар ұйымдастыруда  өз жемісін берері мол. Концерттік бағдарламаны Алматыдағы филормония өнер жұлдыздары бастап берді, Қазақ ССРнің еңбек сіңірген артисі  В.Ли , Республикалық байқаулардың лауреаты домбырашы М.Тоқтағанов, Жігер Сатханов пен Жанат Тахметова сынды өнер жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсету біздің жеткіншектерімізге де үлкен әсер қалдырды.    

Концерттік бағдарлама барысында ең кішкентай өнерпаздарымыз 2 сынып оқушысы Қайса Исмайлдың «Қарттарыма » өлеңі, Камалқызы Рауияның «Үнді биі» қарттарымызды бір серпілтіп тастады, сынып жетекшісі Чукеева Ултуар Орынбасарқызы. Жүздеріне нұр ойнаған асыл қазыналарымыз ата, әжелеріміз өнерпаздармен  бірге би билеп, ән салып баталарын берді. Концерт соңында №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының орынбасары Кульбаева Римма Төрехановна мектеп ұжымына  «Алғыс хат»  табыстады.

    Қараша айында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыйлас жемқорлыққа жол бермеу»мақсатында  «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында  ата-аналар жиналысы өткізілді. Осы жиында мектеп психологы А. Абдусаламова  ата- аналармен тренинг өткізіп, «Біз қандай ата-анамыз?» атты сауалнама алды. Жалпы мектебіміздің  ата- аналары І –жартыжылдықта сынып  жиналыстарына, ашық сабақтарға, ашық іс-шараларға  қатысып мектеп өміріне белсене араласуда.

    16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс- шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес желтоқсан айының 10- 14 күндері аралығында «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.

   Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектептің мәжіліс залында 6 «А» сынып жетекшісі Л. Жуманова,  7 «А» сынып жетекшісі Т. Абдрахманова және музыка пәнінің  мұғалімі       Ш. Балапанованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс- шараға 1 Май ауылдық округі әкімі Мукатаев Елдос Мукатаевич, ауыл ақсақалдары, 1 Май  орта мектебінің директоры Инкарбекова Лязат Тастанбаевна, ауылымыздағы «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Оразова Баян Исатаевна  сынды мекеме басшылары және желтоқсан оқиғасына қатысқан ауыл тұрғыны Б. Рақышев келіп қатысты. Желтоқсан құрбандары жайлы бейнероликтер көрсетіліп,  оқушыларымыз  желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләзат Асанованың бейнелерін сахнада сомдады, осы тақырыптағы әндер шырқалып, өлеңдерін оқыды, кеш соңында желтоқсан оқиғасына қатысқан М.Рақышев өзінің басынан өткенін әңгімелеп оқушыларға ізгі тілектерін жеткізді.

    Жаңа Жылдық шырша мерекесі қарсаңында ата– ананың қамқорлығынсыз қалған

5 «Б» сынып оқушысы Кашук Снежанна аудан әкімі шыршасына қатысуға сұраныс беріліліп, барып қайтты.  Мектебімізде Жаңа жылдық шырша мерекесіне орай  іс- шаралар  жоспары құрылып бекітілді. Мектеп муғалімдері және ата- аналар кезешілігі ұйымдастырылды.

 

 

Ұсыныс:

1.     Көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы нашар, жартылай жетім отбасы және ата– ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға ерекше көңіл бөлінсін.

2.      Мектепішілік іс- шаралар жұмыс жоспарға сәйкес жандандырылсын.

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы                                Б. Амиров

                                  

 

                                      Хатшы                               Ж. Ботакараева   

 

 

 

 

 

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Похожие публикации:

22 март 2017 баяндама
18 март 2017 Сабақ кестесі
18 март 2017 мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив