мектеп тарихы » Қайнар орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қайнар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2017

мектеп тарихы

 

 1956 жылы басшылыққа Л.Г.Бобров келді. ВАСХНИИЛ тәжірибе станциясы қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми- зерттеу болып қайта құрылды. Шаруашылықты 32 жылдан аса басқарған Л.Г.Бобров жаңашыл ғылыми еңбектерінің көрігін қыздырып қана қоймай, ауылдың жан- жақты дамуына күш салды. Мектеп, монша, емдеу- дәрігерлік амбулаториясы, өнім сақтау қоймалары және тұрғын үйлер салынды. Қазіргі уақытта Л.Г.Бобровтың өз қолымен тапсырған бай мұрасы – жеке кітапханасы, мектеп оқушыларының игілігінде. Мектеп орналасқан көше Л.Г.Бобровтың атында.

- 1957 жылы ауылдағы бастауыш мектеп шағын ғана баламен жұмыс бастады.

 - 1960 жылдан мектепті Д.Г.Буянов басқарды.

- 1964 жылы мектеп сегізжылдық болып, В.П.Калинин директор, Н.И.Лукьянец оқу ісінің меңгерушісі болды.
- 1969- 1970 оқу жылында Л.Г.Бобровтың басшылығымен салынған мектепті В.Г.Долгих қабылдап алып, 1970 жылы алғашқы мектеп бітірушілер аттестат алып шықты.
- 1972- 1973 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып З.И.Смирнов , 70жылдардың ІІ жартысынан бастап Республикаға белгілі азамат Э.А.Ортлиб бекітілді, директордың тәрбие ісі жөніндегі Н.И.Лукьянец, оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Н.Задорожная зор ынтымақтастықпен өнімді еңбек етті,мектептің материалдық- техникалық базасының нығайып, оқу- тәрбие жұмысының жанданған уақыты осы жылдар болатын.
-
1969 жылы ВАСХНИИЛ ауылында жаңа типтік мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл уақытта 8 сыныпқа дейінгі оқушылар тұрғындарға арналған үйде білім алса, 9-10 сынып оқушылары Фабричный ауылына қатынап оқыды.
- Тәуелсіздігіміздің арқасында 1992- 1993 оқу жылында қазақ сыныбы ашылып, оны бастауыш сынып мұғалімі Ж.Д.Қайранбаева қабылдап алды да, әрі қарай К.Т.Таямерова оқытты. Бұл жылдары мектепті Е.С.Цветков басқарды.
- 1994 жылдан мектеп директоры Р.Д.Надырбекова, оқу ісінің меңгерушілері Э.Я.Приходько, Р.Ш.Сахитова
- Мектептің оқу- тәрбие және әдістемелік және әдістемелік жұмысы жолға қойылып, мұғалімдер аймақтық байқауларда жүлделі орындар иеленді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде мектеп аудандағы тоғызжылдық мектептер арасында бірінші орынға шықты. 1999 жылы мектеп «Қайнар орталау мектебі» болып аталды.
- 2000 жылы директор Б.К.Нысанбаева, директордың орынбасары А.Б.Кеңесбаева басшылыққа келді. Бұл жылдары:
Халықтық педагогика, құқықтық тәрбие және салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы өрбіді.
- 2003 жылдан мектепті С.Р.Қонақова, оқу ісінің меңгерушілері одан кейін Л.М.Жұмановалар басқарды.Мектептің материалдық- техникалық базасы жақсарды;
Мектепке «Қайнар орта мектебі» статусы берілді;
Мектеп спортшылары ауданда, облыс көлемінде жүлделі орындарға ие болды;
- 2008 жылдың жазында мектептің сан- салалы бағытындағы жұмыстарына жанашыр басшы қажеттілігі туындаған кезде, директор болып келген Г.Т.Такимова, орынбасары С.Т.Сулейменовамен жұмысқа кірісті.Мектептің ішкі- сыртқы көрінісіне ажар кірді, мектеп ауласы қоршалды, жанар- жағар май қорын сақтауға арналған орын қауіпсідендірілді;емдеу пунктінің орны мәселесі шешіліп, оқшауландырылды, тазалық шаралары, жұмыс орындары нақтыланып, талапқа сай жабдықталды;
Оқу кабинеттерінің заман талабына сай безендірілуі іске асып, жаңадан география, директордың жұмы кабинеті, қабылдау бөлмесі ашылды;
Іс қағаздары уақыт талабына сай қалыпқа келтіріліп, жүйеленді;
Мектеп іші тәрбиелік, танымдық және эстетикалық талатарға сай мазмұнды материалдармен безендірілді;Мұғалімдер: Ұ.О.Чукеева, Р.Маделиева, Л.Жұманова, Ж.К.Мусабаевалараймақтық байқауларға қатысты. С.Л.Волженин жас спортшыларды бапатады. Гуманитарлық пәндер бірлестігінің мұғалімдеріР.Д.Надырбекова, Г.Б.Собалакова, М.А.Кисетова, Л.М.Жумановалар өз пәндері бйынша аудандық семинар өткізді. Кіші Ғылым Академиясы сайысына қатысқан А.Дауымов пен Қ.Қуатбеков, жетекшілері – А.Б.Кеңесбаева, К.Т.Таямерова, облыстық оқу департаментінің төрағасы Б.Естеновтың мақтау қағазын алды. А.Б.Кеңесбаеваның белгілі ақын М.Шахановтың шығармашылығына арналған «Поэзия- әсемдікті мүсіндеу» атты аудандық семинары, «Айқап» журналының редакторы М.Сералинге арналған облыстық ғылыми- практикалық конференциясы, сол сияқты тағылымы зор кездесулер мен тақырыптық іс- шаралар мектеп ұжымы мұғалімдерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесі.
- 2010 жыл Қайнар орта мектебіне директор болып Ашеева Г.А. тағайындалды. Орынбасарлары: Г.А.Сатбалдинова, Н.С.Шегебаева, Д.Ж.Бакисова, Ж.А.Абдусаламовалармен бірге жұмыс атқарып келеді.



Похожие публикации:

18 март 2017 Сабақ кестесі
16 февраль 2017 Мектеп ұстаздары
16 февраль 2017 Мектеп туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Michaelkeync
2 декабря 2019 20:10
Здесь все верно написано


ультразвуковой гомогенизатор

Полезная вещь для вас


ультразвуковой гомогенизатор

Сколько спортом не занимайся, бициху не нарастишь без питания


курсы стероидов

Переходим к следующему шагу - посмотрим


триколор тв ошибка 9


Не проходим мимо!


дверь входная

Тут несколько комментариев для вас мои читатели


поставить дверь в квартиру цена

Смотрите и другие сайты


http://gosuslugi-kabinet.ru/